Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің « Қошқарата» бөбекжай-балабақшасы МКҚК

Орналасқан жері: Жуалы ауданы, Қошқарата ауылы ,Б.Үсенов көшесі№36А

Электрондық почтасы: koshkarata-zhuali @mail.ru

Мекеме атауы: « Қошқарата» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК

Лауазым атауы:  Тәрбиеші, Әдіскер( Уақытша)

Бірлік саны: Тәрбиеші-0,5  Әдіскер-0,5

Еңбекақы  мөлшері: 85000 ( еңбек өтілі,біліктілігіне,біліміне қарай)

Негізгі функционалдық міндеттері: Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді,оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, жас тобын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады. Режимдік сәттерді серуенді, күндізгі ұйқыны,жеке жұмыстарды,сауықтыру іс- шараларын  ұйымдастырады және өткізеді. Тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып ерекше білім қажет ететін әр балаға жеке қарауға қамтамасыз етеді. М.д.ұ. іс- шараға қатысады. Ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Белгіленген күн тәртібінің орындалуын қатаң түрде қамтамасыз етеді.

Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: Диплом бойынша мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына сәйкес.

Құжат тізбесі:

— Конкурсқа қатысу туралы өтініш

— Жеке басын куәландыратын құжат( түпнұсқа және көшірме)

– Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және суреті

– Педагогтардың сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері

– Еңбек қызметін растайтын құжат( түпнұсқа)

– «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175\2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

– Психоневрологиялық ұйымнан анықтама

– Наркологиялық ұйымнан анықтама

– Біліктілік тестілеу сертификатты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа  құжат  қабылдау  мерзімі:  23.10.2024ж — 30.10.2024ж

Өтетін күні: 01.11.2024 жыл